«Елі сүйген,елін сүйген Елбасы»
24.11.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ-де 1 желтоқсан Қазақстан республикасының Тұңғыш Президент күніне орай мектеп кітапханасында «Елі сүйген,елін сүйген Елбасы» тақырыбында кітаптар көрмесі өтті.
Мақсаты:Оқушыларды Елбасының шығармашылығымен таныстыра отырып,елінің, жерінің патриоты болуға тәрбиелеу. Көрмеге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың маңызды еңбектері қойылды. Көрмеге қойылған еңбектер арқылы мемлекеттік құрылыстың теоретигі мен практигі, жаһандық ауқымдағы саясаткер, ұлтаралық және конфессияаралық келісім идеяларының жеткізушісіне айналған Елбасы даналығымен кеңінен танысуға болады. Көрмеге қатысушылар Тәуелсіз Қазақстанды аяққа тұрғызған Елбасының шығармашылығымен жақын танысты.
Дата: 29.11.2021, 9:52 Автор: №24 мектеп-интернаты