Дәуренбек Әркеновпен кездесу

 Дәуренбек Әркеновпен кездесу

Қарағанды қаласы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24мектеп-интернаты" КММ-сінде жастарға аға буынның тағылымды жолын үлгі ету, оқушылардың жанына жақын мамандығын, кәсібін табуына ықпал ету және табысқа жеткен тұлғалардың көмегімен бағыт-бағдар беру мақсатында іске асырылып жатқан облыстық "Өнегелі өмір" және "Болашаққа жолдама" жобасын жүзеге асыру аясында   12 қараша күні ҚР мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші - Дәуренбек Әркеновпен кездесу өтті.  Кездесу барысында оқушыларға жерлес әншіміз туралы ақпарат беріліп,  оқушылардың алдын – ала дайындаған сұрақтарына жауап беріп, өмір жолы туралы біраз сыр шертті.

Сапалы мазмұнды ұйымдастырылған шарадан оқушыларымыздың алар мол болды.

#өнегеліөмір

#болашаққажолдама 

#кәсіптікбағдарберу

Дата: 15.11.2021, 19:30 Автор: №24 мектеп-интернаты