02.11.2021 күні «Балқаш қаласының №24 мектеп - интернаты» КММ –де оқушылардың күзгі демалысын тиімді пайдалану және ой-өрісін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту мақсатында «Фемида» тобының мүшелері дебат ұйымдастырды.

«БП: Мектеп асханасындағы тамақтануды қолдайды»

Дебат форматы: АПФ

Дебат талаптары:

- Өзіндік ой-пікірін жүйелі, дәйекті айта білуге, мәдениетті сөйлеу;

- Шығармашылық қабілетті шыңдай отырып, шұғыл шешім қабылдай білуге үйрену, кітапханамен байланысты нығайту;

- Оқушылар сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптарға мән бере отырып, шешен сөйлеуге, шешендік өнерді үйренуге машықтану;

- Өз ойларын дұрыс жеткізу үшін кейсті дұрыс құру.

«Коллаборативтік орта» қалыптастыру мақсатында 7 – 8 сынып оқушыларын 9 «А» сынып оқушылары дайындады. «Кейс құру», «аргумент пен фактілерді» дұрыс іздеу, «кілт сөзді» пайдалана білуді басты назарда ұстады.

Жақтаушы топ:

Спикерлері : 8 А сынып оқушысы Қалашбаева Торғын және 7Ә сынып оқушысы Шамсудинов Нұрсұлтан.Жетекшісі – 9 «А» сынып оқушысы Тоқыметова Аяулым.

Даттаушы топ:

Спикерлері: 7 «Ә» сынып оқушылары Байжан Інжу және Даулетжанқызы Қалима.Жетекшісі – 9 «А» сынып оқушысы Сегизбаева Аяулым.

Екі топ спикерлері де өз ойларын ортаға салды. Мектептегі оқушылардың тамақтануы - оқушылардың денсаулығын және тиімді оқу қабілетін сақтаудың маңызды шарттарының бірі болып табылатынын дәлелдеді.Сарапшылар дебат бойынша ойыншыларға ұсыныстар мен тілектер білдірді.

Нәтижесінде:

Қалашбаева Торғын – «Үздік спикер»; Байжан Інжу – «Ұшқыр ойлы»; Даулетжанқызы Қалима – «Рухани құндылығы жоғары»; Шамсудинов Нұрсұлтан – «Сөз шебері» номинацияларына ие болды.

#дебаты

Ұйымдастырушы: Бейсекина К.А

Дата: 5.11.2021, 9:05 Автор: №24 мектеп-интернаты