«ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ -2021»

«ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ -2021»

«ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ -2021» байқауы аясында 7 сыныпта «Тәуелсіздіктің еңсерген 30 жылы» атты тәрбиелік іс-шара өтті . Мақсаты: Тәуелсіздік жолында жеткен жетістіктерімізді бағалай білуге, өткенімізді саралап, болашаққа көз жүгірте отырып ұлтжанды болуға баулу.

Іс - шара төрт бөлім бойынша өтті. Бірінші «Суреттер сыр шертеді тереңінен» бөлімінде оқушылар берілген суреттердің қай оқиға екенін тауып қиынды қағаздардан Қазақстанның картасын құрап шықты. «Тәуелсіздік шежіресі» деп аталатын екінші бөлімде Қазақстан картасының үстіне 30 жылда жеткен басты жетістіктерімізді орналастырып шықты.

Үшінші бөлім «Тарихтың алтын беттері» деп аталды. Бұл бөлімде оқушылар «Қазақстан тарихы», «Ұлы тұлғалар», «Жолдау» бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, ұпай жинады. Төртінші бөлім «Бәрін өзіңнен баста» деп аталды. Бұл жерде оқушылар «Болашақта еліміздің қандай болғанын қалайсыңдар?» деген сұраққа жауап бере отырып өз ойларын ортаға салды. Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын жас ұрпақ бұл сайыста өз білімдерін көрсете білді

Дата: 2.11.2021, 14:10 Автор: №24 мектеп-интернаты