«Менің сүйікті туған өлкем" атты фото байқауы
«Шеберлер әлеміне саяхат» эстетикалық сауаттылық апталығы аясында «Менің сүйікті туған өлкем" атты 9 сынып оқушылары арасында фото байқауы өтті. Байқаудың мақсаты өңіріміздің әдемі, көрікті жерлерін фотоға түсіріп таныстырылым жасай отырып, өз туған жерін сүйетін, елжанды азамат етіп тәрбиелеу .
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді.Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Балқаштан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтіп жатыр. Туған жерімнің әсем табиғаты, көкше көлі, бой түзеген әсем үйлері, тарихи ескерткіштері бәр-бәрі менің қалама көрік беріп тұр. Көгілдір көкше көлімнің өзі қандай, жанға сая, шипа десеңші! Бұл көкше көлге демалушылар жылдан – жылға көбейіп келеді. Қазір қаламның әрбір шағын аудандарында балаларға арналған демалыс орындары орнатылған. Осындай демалыс орындарында тек бақытты балалық шақтың үні ғана естіледі.Мен туған өлкеммен мақтанамын!
Дата: 25.10.2021, 9:49 Автор: Школа-интернат №24