«Жыл мұғалімі -2021»
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ тарих пәні мұғалімі педагог –сарапшы Шолакова Лаззат Бодыковна 7 «А» сыныбында «Жыл мұғалімі -2021» сайысының аясында Қазақстан тарихы пәні бойынша «XVIII ғасырдың басына дейінгі қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау болды.
Ашық сабақта мұғалім өз шығармашылығын шеберлікпен көрсетті. Жаңа сабақ пен сабақтың өткен жылғы олқылылықтарын жою мақсатында АКТ-ні қолдана отырып, тиімді пайдаланды. Сабақта үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Домино» ойыны ойнатылды. Жаңа сабақты тереңірек түсіну мақсатында «Елшілік», «Етістік стратегиясы», «Сюжеттік кесте» тапсырма жұмыстарды оқушылар орындады. Сабақ өз мақсатына жетті. Сабақтың соңында оқушылардың жеткен жетісітігі арқылы кері байланыс жасалынды.
#жылмұғалімі
Дата: 4.10.2021, 15:08 Автор: №24 мектеп-интернаты