ТЕМІРЖОЛ АЙМАҒЫ-ҚАУІПТІ АЙМАҚ !!!

ТЕМІРЖОЛ АЙМАҒЫ-ҚАУІПТІ АЙМАҚ !!!

 

№24 мектеп интернатында Балқаш Ст.ЖПб инспектор - кезекшісі полиция лейтенанты Қасымхан Б.А қатысуымен 9 «А» және 9 «Б» сынып оқушыларына арналған ақпараттық сағат өткізіді. Іс - шара барысында теміржолда көп орын алатын қайғылы жайғдайлар белгіленген орындардан өтпеу, темір жолдың үстімен жүрмеу сынды құқық бұзушылықтар жайлы айтылды.Темір жолдың қасында болудың өзі өте қауіпті. Осындай жағдайлар әсіресе оқушылардың демалыс кездерінде орын алады. Егер де тұрғындар мен жолаушылар теміржол бойындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтайтын болса, қайғылы жағдайлар орын алмайды. Мұндай жағдайларға ескертулер де қарастырылған. Мәселен, жылжымалы құрам алыста келе жатса да, дабыл беріп жүреді.Теміржол аймағында болған кезде құлақ қапты шешіп,әр дыбысқа назар аударған жөн. 10.09.2021 жылы «Абайлаңыз поезд» «Тоқтаңыз, басып кету қауіпі бар» тақырыптарында оқушыларға дәріс өткізілді. Оқушылар темір жол қауіпсіздігі бойынша келген қонақтарға сұрақ беріп, қанағаттанарлық жауап алды.

Дата: 14.09.2021, 23:34 Автор: №24 мектеп-интернаты