«Тіл – әр халықтың байлығы»
![«Тіл – әр халықтың байлығы»](/media/img/journal/6136c9e5c8320.jpg)
5 - қыркүйек Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне байланысты бірнеше іс – шаралар ұйымдастырылды. Мектеп фойесіне «Дара тұлға» атты ақпараттық стенд жасалды. «Тіл – әр халықтың байлығы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін ұлтсыздандырудың сұрапыл дауылына ерте бастан дайындап, артында өшпес із қалдырғаны үшін әр қазақтың көңілінде аяулы есім болып сақталғандығы туралы «Самрұқ» үгіт – насихат тобы өздерінің дайындаған ақпараттарымен бөлісті. «Ахмет Байтұрсынұлы мұралары және латын әліпбиі» тақырыбында танымдық сағаты өтті. Іс – шара барысында Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат берілді.
Дата: 7.09.2021, 8:05 Автор: №24 мектеп-интернаты