Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласы білім бөлімінің №24 орта мектеп-интернаты» КММ 1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты салтанатты жиын туралы ақпарат

       №24 орта мектеп-интернатында 1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты 1 сынып оқушылары мен ата – аналарына арналған салтанатты жиын өтті. Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштау мақсатындағы жаңа оқу жылының салтанатты жиыны сағат 10.00-де басталды. Жиын ҚР мемлекеттік гимнімен басталып, мектеп табалдырығын аттаған оқушылар салтанатты түрде ортаға шықты. Мектеп директорының м.а. А.К.Мусина мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерді және ата – аналарды Білім күнімен құттықтап, білім саласына өз үлесін қосатын білімді ұрпақ болуларына ықылас білдірді. Бүлдіршіндер алғашқы қоңырау мерекесіне арнаған тақпақтарын ортаға салып, оларға салтанатты түрде алғашқы оқулығы Әліппе табысталады. Ал 2-9 сынып оқушылары тікелей бекітілген кабинеттерге барып, сонда тақырыптық сынып сағаттары өтті.

Дата: 2.09.2021, 10:22 Автор: №24 мектеп-интернаты