«Балауса» лагерлік алаңның салтанатты ашылуы

«Балауса» лагерлік алаңның салтанатты ашылуы

21.06.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының  Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ - де  «Балауса» лагерлік алаңның салтанатты ашылуы өтті.

 Мақсаты:  балалардың бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау,жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру. Салтанатты ашылу мектептің мәжіліс залында өтті. Лагерге келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа ,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу үшін  «Кел танысайық!», «Өз жұбыңды тап!» ойындары ойнатылды.Қатысушылар топтың  атауы мен ұранымен, күнделікті жұмыс  жоспарымен танысты, ән айтты. Мерекелік ойындар мен әндер балаларға  көтеріңкі көңіл –күй сыйлап қана қоймай, адамгершілікке,ұлтжандылыққа тәрбиелейтіні сөзсіз.

Дата: 28.06.2021, 9:51 Автор: №24 мектеп-интернаты