«Кітап – адамның ең жақын досы»
23.06.2021 күні «Балауса» мектеп жанындағы жазғы демалу және сауықтыру лагерлік алаңының қатысушылары таңғы жаттығу жасады. Балалармен «Кітап – адамның ең жақын досы» тақырыбында викториналық ойын ұйымдастырылды.Мақсаты: білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, пайдасын түсіндіру.Балаларға бейнебаян көрсетілді. «Сұрақ - жауап», «Сен білесің бе?» кезеңдерінде оқушылар білімділігін көрсетті.
«Қызықты сағат» қолөнер сағатында оқушылар шығармашылық шеберлігін шыңдады. «Оригами техникасында» бұйымдар жасалды.Балалардың белсенділігі артты, іскерлігі дамыды.
Дата: 28.06.2021, 8:37 Автор: №24 мектеп-интернаты