«Ұмытылмас тағдырлар»

 «Ұмытылмас тағдырлар»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернаты» КММ –де 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне және 1921-1922 ашаршылық жылдарына 100 жыл толуына орай «Ұмытылмас тағдырлар» тарихи ақпараттық сағаты өтті.Ақпараттық сағатқа 7-9 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: оқушыларға саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағылым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, есімдерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Ұйымдастырушылар ақпараттық сағатты «Тәуелсіздік жетістіктері» слайдымен бастады. Тарих пәнінің мұғалімдері Шолакова Л.Б;Дуйсенбекова Р.С; Бедебаева Р.Ә,Бейсекина К.А оқушыларға тақырып аясында ақпарат берді.Әсіресе оқушыларды «Карлаг» және «Балқашлаг» тақырыптары қызықтырды.Ақпараттық сағат оқушыларды өз елінің тарихын білуге,Алаш арыстарын құрметтеуге және Тәуелсіздік жетістіктерін бағалауға үйретті.

Ұйымдастырушылар: тарих пәнінің мұғалімдері.

Дата: 1.06.2021, 13:54 Автор: №24 мектеп-интернаты