Размер шрифта:

«Сәт сапар, Жас түлек!»

«Сәт сапар, Жас түлек!»

25.05.2021 күні кең байтақ Отанымыз Қазақстанның түкпір-түкпірінде білім ордалары –мектептерде 2020-2021 оқу жылының «Соңғы қоңырау» мерекесі өткізілді.Еліміздің мектептердің бәрінде соңғы қоңырау соғылып, түлектер үлкен өмірге қанат қақты . Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернаты» КММ –де дәстүрлі форматта салтанатты соңғы қоңырау жиыны өтті.

Соңғы қоңырау жиынына 11 «А» сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, сынып жетекші,ата-аналар қатысты.

Мақсаты: Адамгершілік құндылықтары берік негізі бар нәтижеге бағдарланған жан-жақты тұлға қалыптасуына бағыт-бағдар беру; туған жеріне, мектебіне, ұстаздарына, ата-аналарына деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру,Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын насихаттау.

«Сәт сапар, Жас түлек!» тақырыбында ұйымдастырылған жиынында - тәуелсіздік кез келген халықтың ең үлкен құндылығы. Бүгінде әлемге ықпал жүргізіп отырған озық елдер осы дәрежеге тәуелсіздіктің арқасында жеткені белгілі. Сондықтан Тәуелсіздікті қадірлеу, оны бағалай білу, сақтай білу – баршамыздың, кейінгі ұрпақтың басты парызы екенін «Тәуелсіз Қазақстан тірегі -жастар» үгіт – насихат тобының мүшелері мақтанышпен айтты. Жиын Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды. ДОІЖО А.К.Мусина түлектерге құттықтау сөзінде: «...Біз сіздерді бүгінгі жастардың бойында болу керек құндылықтарға тәрбиелей отырып, отаншыл, қазақстандық патриоттық сезімі қалыптасқан, білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген, бүгінгі жылдам өзгеріп жатқан заманда инновациялық өзгерістерге дайын тұлға болуға бейімдедік.Сіздер еліміздің ертеңі - жалынды жастарсыздар!» деп сенім артатынын білдірді.Мектеп түлектері мектепке,ұстаздарға,еліне,Отанға деген сүйіспеншілігін өлеңдері және көңілді әндері арқылы жолдады. Болашаққа қадам басқан түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. «Соңғы қоңырауды» мектебіміздің оқу екпіндісі, оқу олимпиадасының жеңімпазы Тілектес Аяжан соқты.Жиын аяғында «Түлектер тілегі» шарлары ұшырылды.

#соңғықоңырау2021

Дата: 1.06.2021, 13:25 Автор: №24 мектеп-интернаты