«Өнегелі өмір» жобасын іске асыруда және ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, оқушыларға кәсіптік бағдар беру,мамандыққа баулу,кейінгі ұрпаққа парасатты азаматтарды үлгі ету мақсатында «Ұстазы жақсының – ұстам
Ел мен жердің, халықтың байлығы да, атақ,даңқ та ел қадірлейтін парасатты азаматтармен өлшенетіні ақиқат.Оқу –ағарту саласында қажырлы еңбек етіп, Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері атанған ардагер ұстаз - Жүніс Несіпқайша Ғылымжанқызының өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі –өнеге. «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң, шын бақыт осы», -дейді Шәкәрім Құдайбердіұлы.Әріптестері ардагер ұстаздың іскерлігін, білімдарлығын,тәжірибесін ортаға салуға асығатын асыл қасиеттерін бағалайды. «Балқаш қаласының №24 мектеп –интернаты» КММ – де облыстық «Өнегелі өмір» жобасын іске асыруда және ұлы ағартушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай, оқушыларға кәсіптік бағдар беру,мамандыққа баулу,кейінгі ұрпаққа парасатты азаматтарды үлгі ету мақсатында «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» тақырыбында онлайн кездесу өтті.Кездесу қонақтары: Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері , ардагер ұстаз Жүніс Н,Ғ; «ЖББ №25 орта мектебі» КММ –нің мұғалімдері және оқушылары. Кездесуді ашқан ДТІЖО Бейсекина К.А қатысушыларды таныстыра отырып, қонаққа сөз берді.Сөз алған ардагер ұстаз өзінің туған жерін, балалық шағы, жастық шағы, еңбек жолы туралы әңгімелеп берді.Әңгіме барысында оқушылар сұрақ қойды.Оқушылардың сұрақтары қызықты болғандықтан ардагер ұстаз жауап беруден жалықпады.5 «А» сынып оқушысы Жұбатқан Ертай Ы.Алтынсариннің «Кел балалар оқылық!» өлеңін оқып ,қатысушыларды таң қалдырды. ЖББ №25 орта мектептің ДОІЖО Тоқтаубаева Г.Ж мектеп ұжымына кездесу үшін ризашылығын білдірді. «Әрбір күнді бағалаңыздар, әрбір сәтті бағалаңыздар! Ұстаз –ұлы есім,мәңгі биіктен көрінетін ұлағатты адамның еңбегін қадірлеп,Отанымыздың адал азаматтары болуларыңызға тілектеспін!» деп қорытындылады ардагер ұстаз Жүніс Н.Ғ. Өмірден өзінің мәртебелі орнын тауып, ел қажетіне жараған, бала жанының бағбаны бола білген ардагер ұстаздың өмірі - болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі өнеге! Ұйымдастырушылар;:қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Оспанова Ж.Н мен Хасенова А.О Қатысушылар саны : 5-9 сынып оқушылары (21 оқушы)
https://www.facebook.com/100029688768668/videos/510087769990844/
Дата: 6.04.2021, 10:13 Автор: №24 мектеп-интернаты