«Жетілдірілген әліпби жобасымен танысамыз!» танымдық сағаты өткізілді.
2021 жылы 1 сәуір күні Балқаш қаласы тілдер бөлімінің ұйымдастыруымен жетілдірілген әліпби жобасын кең ауқымда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында "#24 мектеп-интернаты " КММ-сінің 8-11 сынып оқушылар және педагогтарымен кезекті «Жетілдірілген әліпби жобасымен танысамыз!» танымдық сағаты өткізілді. Жетілдірілген әліпби жобасы осыған дейінгі ұсынылған, қолданыстағы әліпбилермен салыстырылып, жаңа әліпбидегі диакритикалық таңбалардың атаулары , мағыналары түсіндіріліп, өзге түркі тілдес елдермен де салыстыра айтылды. Сонымен қатар, практикалық жұмыс кезінде әріптердің жазылудағы ыңғайлылығы, тез қабылданатындығы айтылды. Іс-шараға 60-қа жуық оқушылар мен мұғалімдер қамтылды.
Дата: 2.04.2021, 7:28 Автор: №24 мектеп-интернаты