8 сынып оқушылар арасында «Қазақшаңыз қалай?» викториналық сұрақтар өткізілді.
Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімі «№24 мектеп -интернаты» КММ -де 8 сынып оқушылар арасында «Қазақшаңыз қалай?» викториналық сұрақтар өткізілді. Викториналық сұрақтардың басты мақсаты: оқушылардың алған білімдерін тексеру,сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру, мемлекеттік тілге құрмет сезімін көрсете білуге қалыптастыру; елін сүюге, ұлтжанды болуға тәрбиелеу. Викторина келесі кезеңдерден тұрды: I. Екінші кезең: Викториналық сұрақтар (әр топқа 10 сұрақтан қойылады); III. Үшінші кезең: мақал-мәтелдердің жалғасын тап; VІ. Төртінші кезең: Берілген сөзбен жаңа сөздер құрастыру; 8 сынып оқушыларынан құралған екі топ та іс- шараға белсене қатысып,өздерінің білімділігін көрсете білді. Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Дюсебеков С.Т
Дата: 21.03.2021, 20:11 Автор: №24 мектеп-интернаты