«Стартап» бизнес жобасы жайлы іс-шара өткізілді.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№ 24 мектеп-интернаты» КММ 8-9 сынып оқушыларының арасында «Стартап» бизнес жобасы жайлы іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға «Стартап» жайлы жалпылама ақпарат айту,түсініктерін кеңейту. Шара барысында бүгінгі күнде «стартап» сөзін теледидар, интернет, газет-журналдар мен жарнамаларда жиі естіп, көріп жүргеніміз туралы айтылды. Сонымен қоса, бұл сөз бизнес және экономика саласындағы жұмыс істейтін адамдардың арасында танымал сөзге айналғанын да атап өттік. Алғашқы рет «стартап» терминінің қайдан және қалай пайда болғандығы жөнінде ақпарат берілді.Оқушылар шара барысында өз білгендері жөнінде де айтып өтті. Шара соңында оқушылар өз көкейлерінде жүрген бизнес ашу жоспарлары жайында бөлісіп өтті.@umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @kozhakhmetovag @uo_krg https://www.facebook.com/100029688768668/videos/486745878991700/ @bahyt_himaldin

Дата: 25.02.2021, 8:51 Автор: №24 мектеп-интернаты