«Зейін» жобасына қажетті материалдар» атты тақырыпта Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-интернаты» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Спабекова Қ.Е. іс-тәжірибесімен бөлісті.
2021 жылдың 05 ақпанда Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Бірге оқимыз!» жобасы аясында облыстық деңгейде WORKSHOPS ұйымдастырды. «IQ Academy» ютуб каналындағы «Зейін» жобасына қажетті материалдар» атты тақырыпта Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №24 мектеп-интернаты» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Спабекова Қ.Е. іс-тәжірибесімен бөлісті. Жобаның мақсаты: «Зейін» жобасына қажетті материалдар жинау, яғни оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті мен өзгермелі өмірге бейімделуін арттыру. Бұл жоба: оқу сауаттылығы, математика сауаттылығы, жаратылыстану сауаттылығы бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Және де бұл жобада оқу жылдамдылығын арттыруда бірнеше техникаларды көрсетіп , ауызша есептеу, көбейту кестесін тез жаттау, екі таңбалы, үш таңбалы сандарды қалай тез көбейтуге болатыны бойынша бейнесабақтар бар . Көптеген қызықты эксперименттер мен практикалық жұмыстарды көруге болады.
https://www.facebook.com/100029688768668/videos/478247649841523/
Дата: 9.02.2021, 7:53 Автор: Школа-интернат №24