"Сапалы білім - мектептің басты ұстанымы" тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп - интернаты" КММ-сінде "Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімі" ММ -нің жоспарына сәйкес, білім бөлімінің басшысы Г Ж Агдарбекова , әдістемелік кабинет меңгерушісі А.О.Бектурганова және әдіскері К.К.Айнабекованың қатысуымен "Сапалы білім - мектептің басты ұстанымы" тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді. Күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:

1. 2020-2021 оқу жылындағы бірінші жартыжылдық бойынша білім сапасының салыстырмалы сараптамасы. ҰБТ қорытынды.

2.Іс-тәжірибе алаңы.

3. Әртүрлі мәселелер.Педагогикалық кеңесте мектеп директор М.С.Есжанова күн тәртібімен таныстырып , оқу ісінің орынбасары А.К.Мусинаға сөз берді. А.К.Мусина салыстырмалы сараптама барысында мектептегі білім сапасына жалпы тоқталып, бастауыш сыныптар , орта буын және жоғарғы сыныптар арасында білім сапасы төмендеген сыныптардың проблемаларын ортаға салып, атқарылған іс - шаралар мен мектепішілік бақылау жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар ҰБТ қорытындысы бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылардың нәтижесі баяндалды.

Күн тәртібіндегі екінші кезекте іс- тәжірибе алаңында орыс тілде оқытылатын сыныпта қазақ тілінен сабақ беретін С.Т.Дюсебеков сөз алып , білім беру саласындағы ұтымды жақтары және қолданатын әдіс - тәсілдері жайлы айтты. Сондай ақ, келесі кезекте жаратылыстану- математикалық бағытта білім сапасы төмен көрсеткішті көрсеткен сыныптардағы оқытудағы кездескен қиындықтары және шешу жолдары бойынша тәжірибелі ұстаз , география пәнінің мұғалімі Б.Е.Садуов өз іс- тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сыныбы бойынша Д.Н.Самбетова сөз алып, жүйелі факультатив сабақтар ұйымдастыру арқылы білім сапасын көтеруге ықпалын тигізетінін айтты. Сөз соңында мектеп директоры шешім шығарып , білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.О .Бектурганова сөз берді. Асия Оңғарбековна мектеп ұжымына табыс тілей отырып, педагогикалық кеңес барысындағы айтылған сараптамаларға өз ұсыныстарын айтты.

@balkhash.goo.kz

@balqash_qalasy_bilim_bolimi

Дата: 8.02.2021, 9:59 Автор: №24 мектеп-интернаты