«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық дамыту апталығы аясында 4а сыныбында «Әлеуметтік желілер» атты тәрбие сағаты өтті.

03.01.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де облыстық «Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылық дамыту апталығы аясында 4а сыныбында «Әлеуметтік желілер» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатында оқушылар жалпы әлеуметтік желілер туралы қызықты ақпараттармен танысып, өздерінің қолданып жүрген әлеуметтік желілерінің артықшылықтарын айтты. Сонымен қатар, олардың суреттері және күнделікті қолданып жүрген ишарат белгілерінің(смайликтерінің) суреттерін салып, әлеуметтік желілердің зияны мен пайдасы туралы пікір алысты. Сабақ соңында көңіл-күйлерін ишарат арқылы көрсетті. Тәрбие сағаты ақпаратқа толы және қызықты өтті.

@umckrg

@bakyt_himaldin

Учебно - методический центр развития образования Карагандинской области

@balkhash.goo.kz

@balqash_qalasy_bilim_bolimi

https://www.facebook.com/100029688768668/videos/476093863390235/

Дата: 8.02.2021, 10:52 Автор: №24 мектеп-интернаты