«Сандарды қалай дұрыс қолдану керек?»
25.01.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының
Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де
«ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбындағы облыстық математика сауаттылығы апталығы аясында «Сандарды қалай дұрыс қолдану керек?» тақырыбында 1 «А» сынып оқушыларымен сынып сағаты өтті.
Мақсаты:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру,математикалық сауаттылығын дамыту,өз ойын еркін жеткізетін, дәлелдей алатын тұлға тәрбиелеу.
Сынып сағатында «Ширату жаттығуында» оқушылар өз есімдерінің неше әріптен тұратындарын айтты. «Викториналық сұрақтарға» жауап беріп, «Ой сергіту» сайысында жұмбақты есептер шешті. «Көршісін тап», «Суреттерге қарап есеп құрастыр» ойынында шығармашылығы артып,оқушылардың математикалық сауаттылығы дамыды.
Сынып жетекші: Жунусова А.Н
#балқашматематикалықсауаттылық
#математикаайналамызда
@umckrg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
https://www.facebook.com/100029688768668/videos/470681803931441/
Дата: 27.01.2021, 9:42 Автор: №24 мектеп-интернаты