Размер шрифта:

«Біздің айналамыздағы математика» тақырыбындағы салтанатты ашылу жиыны өтті.

25.01.2021 күні Қарағанды облысы білім басқармасының

Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ- де

«ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры!» тақырыбындағы облыстық математика сауаттылығы апталығы аясында «Біздің айналамыздағы математика»

тақырыбындағы салтанатты ашылу жиыны өтті.Жиынға 1-11 сынып оқушылары, жаратылыстану математика пәні мұғалімдері қатысты.

Жиын ардагер ұстаз «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалінің иегері,математика пәнінің мұғалімі Қ.Ж.Ахметованың құттықтау сөзімен ашылды.Жиын барысында 5-6 сынып оқушыларынан құралған үгіт -насихат тобы оқушылардың математикалық сауаттылық жайлы түсініктерін қалыптастыруға , өмірде қолдана білуге және іс -шараға белсене қатысуға шақырды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К.Мусина «Математика сауаттылығы» апталығы аясында өтетін іс-шаралармен таныстырып, мектеп ұжымына сәттілік тіледі.

Дата: 27.01.2021, 10:41 Автор: Школа-интернат №24