Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "№24 мектеп интернаты" КММ-сінде облыстық "21 ғасыр - сауатты ұрпақ ғасыры" тақырыбындағы оқу сауаттылығы апталығы аясында «1001 мақал,101 жұмбақ» танымдық сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа 6 «А» сыныбының оқушылары қатысты.Олар: Балтабай Нұрдос,Орымбай Аяжан,Сағатқызы Нұрай және Имандығұлов Ақниет.
Сайыстың мақсаты: мақал айту арқылы оқушылардың ақыл – ойын, сана сезімін, танымдық қабілеттерін, білімділігін, сөз саптауларын дамыту.Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыра отырып, балаларды адамгершілікке, адалдыққа, ата – баба асыл өсиеттерін ұмытпай отыруға тәрбиелеу.
Сайыс үш түрлі кезең бойынша жүргізілді.
1. Мақалдар сайысы.
2. Жұмбақтар сайысы.
3.Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.
Сайыс барысында оқушылардың мақал-мәтел,жұмбақты жеткілікті білетіндігі, белсенділіктерінің өте жоғары екені байқалды.
@Учебно - методический центр развития образования Карагандинской области
@г. Балхаш ГУ "Отдел образования"
Дата: 21.01.2021, 10:00 Автор: №24 мектеп-интернаты