«Қазақстан Республикасының ұлттық спорт төрешісі» Мұхамеджанов Жұмағазы Тұрсынұлымен онлайн кездесу өткізді.

«Қазақстан Республикасының ұлттық спорт төрешісі» Мұхамеджанов Жұмағазы Тұрсынұлымен онлайн кездесу өткізді.

05.01.2021 күні «Балқаш қаласының жалпы білім беретін №24 орта мектебі» КММ -де «Жас сарбаз» патриот клубының мүшелері, 6 – 9 сынып ұл балалары және «Самрұқ» әкелер клубының мүшелері қаламызға танымал,садақ атудан спорт шебері,садақ атудан «Қазақстан Республикасының ұлттық спорт төрешісі» Мұхамеджанов Жұмағазы Тұрсынұлымен онлайн кездесу өткізді. Мақсаты:Оқушылардың қысқы демалыс уақытын дұрыс пайдалану,өңірімізге танымал спортшылардың өмірін үлгі ету,ұлттық дәстүрді сақтау,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды жандандыру арқылы қазақ дәстүрлерін дәріптеп, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп жүрген,садақ атудан спорт шебері, садақ атудан «Қазақстан Республикасының ұлттық спорт төрешісі» Ж.Т.Мұхамеджанов кездесуде өзінің өмірі жайлы, спортқа қызығушылығы туралы айтып берді. Оқушылар «Садақтың түрлері және қасиеті» туралы сұрақтар қойды.Кездесу қонағы Ж.Т.Мұхамеджанов «Патриот деген кім?», «Өзіңді патриот санайсың ба?», «Ер қаруы бес қару, «Бес қаруды» атаңыз?» деген сұрақтар қойып,оқушылардың жауабына риза болды.Оқушылар «Ақпараттар алаңы», «Ой қозғау» бөлімдеріне өздеріне керекті ақпараттар алып,өз ойларын жеткізді.Кездесу оқушылардың,қатысушы әкелердің қонаққа деген жақсы тілектерімен аяқталды. Қатысушылар саны:32 Ұйымдастырушылар: 8 «А» сынып жетекшісі: Ғ.Ж.Нуркеева;дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі А.Е.Калкаманов және аға тәлімгер:Т.М.Елікбай

Дата: 6.01.2021, 12:31 Автор: №24 мектеп-интернаты