«Балқаш қаласының жалпы білім беретін №24 орта мектебі» КММ -де 1-11 сыныптарында адалдық сағаттары өтті.
Мақсаты:Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымдылық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету,сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу.
«Сәкеннің өнегелі жолы» бейнефильмде қазақ халқының бір туар ақыны Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы көрсетілді. Ақынның әділдік пен адалдық қағидаларымен ұштасқан өмірі келешек ұрпаққа үлгі өнеге екені оқушыларға түсіндірілді.
Адалдық сағаттарында оқушылар адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу үшін «Саяхатқа шығу» ойынын ойнады.Оқушылар «Әдептілікті қалай түсінесің?», «Шыншыл болу», «Адал болу» туралы өз ойларын жеткізді.
Қатысушылар саны: 136
Дата: 21.12.2020, 11:53 Автор: Школа-интернат №24