09.10.2020 күні «Балқаш қаласының ЖББ №24 орта мектебі» КММ -інде жоспарлы мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті

09.10.2020 күні   «Балқаш қаласының ЖББ №24 орта мектебі» КММ -інде жоспарлы мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті

Қатысушылар: мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер,1-11 сынып ата-аналары, «Қамқоршылық кеңес» , «Кәусар» аналар клубының, «Самрұқ» әкелер клубының мүшелері Жиналыстың күн тәртібі: 1. «2020 жылға мектепке бөлінген бюджет қаржысының жұмсалуы» Мектеп директоры: Есжанова М.С 2 «Қашықтан білім берудегі дәстүрлер мен өзгерістер». ДОІЖО: Мусина А.К 3. «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары» Әлеуметтік -педагог: Хасенова А.О Жиналыстың күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша мектеп директоры М.С.Есжанова ата-аналарды мектептің қорымен және мектепке жұмсалған қаражаттармен таныстырып, толық ақпарат берді. Екінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К.Мусина оқушыларды қашықтықтан оқытудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне айрықша тоқталды.Синхромды, асинхромды форматтағы оқыту үрдісімен таныстырды. «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары» тақырыбында мектептің әлеуметтік -педагогі А.О.Хасенова ата-аналарға заң нормаларын және кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеудегі міндеттерін түсіндіріп, құқықтық білімдерін тереңдетті.Сондай -ақ құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте жүргізілген іс -шаралармен таныстырып,жиналыс барысында ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін қадағалау мақсатында жат қылықтардан сақ болу керектігін түсіндірді. Жиналысқа қатысқан ата-аналар саны: 129

Дата: 10.10.2020, 13:59 Автор: №24 мектеп-интернаты