«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда Балқаш қаласының ЖББ №24 орта мектебінде сынып жетекші И.О.Маулетова 6-9 сынып оқушыларымен «Сен құқығыңды білесің бе?» атты ойын - сабақ өткізді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруда Балқаш қаласының ЖББ №24 орта мектебінде   сынып жетекші И.О.Маулетова  6-9 сынып оқушыларымен «Сен құқығыңды білесің бе?» атты ойын - сабақ өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушылар «Ойды аяқта!" кезеңінде берілген мақал -мәтелдерді аяқтап, түсінік берді.Келесі кезеңдерде ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қылықтарын суреттеп,аулақ болуды үйренді. «Құқық қорғаушылар» кезеңінде өз ойларын түйіндеді.Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, көп құнды ақпараттар алды.

Дата: 8.10.2020, 15:03 Автор: №24 мектеп-интернаты