«Ұстаздарға мың алғыс!»

Ұстаз  – қасиетті мамандық иесі, шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі.  Әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын мейірімді жан. Қазан айының алғашқы күндері аталып өтетін ұлы мерекелердің бірі- Ұстаздар күні. Балқаш қаласының ЖББ №24 орта мектеп ұжымы ұстаздар күнін ерекше атап өтті.  Мереке ұрпақ тәрбиесі жолында  қызмет сіңірген ардагерлерді құттықтаудан басталды.Бастауыш сынып оқушылары мұғалімдерге деген тілектерін ашық хаттар арқылы білдірді. Барлық сынып ұжымы ұстаздарға арналған бейнероликтер жасады. Білім шыңына жетелеген, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан ұстаздар  қауымын төл мерекесімен құттықтауда оқушылар «Ұстаздарға мың алғыс!» атты онлайн концерттік бағдарлама дайындады.Егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері -ұстаздар  мерекесі құтты болсын!

 

https://www.facebook.com/100029688768668/videos/393704878295801/

Дата: 4.10.2020, 18:38 Автор: №24 мектеп-интернаты