Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі тәрбие жұмыстарының «Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты және экологиялық» бағыты бойынша қыркүйек айының үшінші аптасын бастады.

Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі тәрбие жұмыстарының  «Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты  және  экологиялық» бағыты бойынша қыркүйек айының үшінші аптасын бастады.

Мақсаты:  салауатты өмір салтын ұстану,тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.

      21.09.2020 күні барлық сыныптарда экологиялық сағаттар өтті. «Табиғатты аялай білейік!» деп ұран тастады бастауыш сынып оқушылары. Суды үнемдеп жұмсау, оның ластануын төмендету, ауаны ластайтын зиянды заттары жоқ нәрселерді қолдану отбасынан басталатынын айтып,  тақырыптарын  аша білді.

    5-11 сыныптар  «Экология тазалығы – денсаулық кепілі» және «Экология және біз» тақырыптарында  оқушылар қоршаған ортаны қорғау мен өзекті мәселелерді қарастырып, экологияның тазалығы тек   кәсіпорындардың, зауыттардың  жұмысына ғана байланысты емес екендігігін біледі.Қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсатына жету үшін тазалықты қалаймыз деп қорытынды жасады.

Қатысқан сыныптар саны: 21

Қатысқан оқушылар саны:191 оқушы

Дата: 21.09.2020, 18:34 Автор: №24 мектеп-интернаты