"Отбасы-бақыт мекені" атты апталық ұйымдастырылды.
Балқаш қаласының ЖББ 24 орта мектебінде 07.09-11.09.2020 ж аралығында отбасы күніне орай "Отбасы-бақыт мекені" атты апталық ұйымдастырылды.Бастауыш сыныптар арасында "Менің отбасым-тірегім" тақырыбында сурет байқауы өтті.Байқауға 1-2 сынып оқушылары қатысты.Жоғарғы сынып оқушыларымен, ата-аналарымен кездесуде отбасы құндылықтарын насихаттау болашақ ұрпақтың үлесінде екенін оқушылар түсінді.4-5 сынып оқушылар арасында "Менің отбасым дәстүрлері " атты челлендж ұйымдастырып, оқушылар өз жанұясының дәстүрлерін дəріптеді.5-7 сынып оқушылары шығарма жазды."Отбасындағы жəне қоғамдағы ер адамның ролі" атты тренингке сыныптың əкелері қатысып, өз ойларында жүрген сауалдарға жауап алды. Қатысқан оқушылар саны- 81 оқушы, ата-аналар саны- 27.
Дата: 11.09.2020, 15:14 Автор: №24 мектеп-интернаты