«Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебі» КММ -де республикалық отбасы күніне орай 9 «А» сынып жетекшісі А.О.Хасенова оқушылармен «Отбасы -ұлттық құндылықтар бастауы» дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты:Отбасы тәрбиесінің маңызын түсіну,ұлттық салт -дәстүрді сақтай отырып, отбасы құндылықтарын дәріптеу. «Жылы сөз» жаттығуынан басталған дөңгелек үстел оқушылар үшін қызықты өтті.Өз есімдері арқылы бойларындағы үш жақсы қасиетті айтып түсіндірді. Психологиялық көңіл күйлерін іс-қимылдарымен жеткізді. Өз отбасындағы дәстүрлерді мақтанышпен әңгімеледі. «Отбасы -тәрбие бастауы» , « ұл - ұлт болашағы» , «шешесін көріп қызын ал» дәйек сөздерінің мағынасын ашып, пікір алмасты.Дөңгелек үстел оқушылардың естерінде қалатындай әсер қалдырды. Қатысқан оқушылар саны: 12
Дата: 8.09.2020, 23:14 Автор: №24 мектеп-интернаты