Балқаш қаласының ЖББ №24 орта мектебінде "5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдер мерекесіне" орай іс-шаралар жүргізілді.
Аға тәлімгер М.А.Қуанышбаева оқушыларға "Ұлттың тілі ұлылығында" атты ақпараттық стенд жасады.Сынып жетекшілер "Ахмет Байтұрсынов- ұлт ұстазы" тақырыбында оқушылармен сынып сағатын өткізді.Мақсаты:Адамның ұлттық рухы мен намысы тілінде деген құрметпен басталатынын ұғыну,А.Байтұрсыновтың шығармалары арқылы қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуына қосқан еңбегін үлгі ету.Оқушылар тақырыпқа байланысты "зымыран сұрақтарға" жауап беріп,"қызықты жұмбақтар" шешті. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Ж.Н.Оспанова 5-11 сынып оқушылары арасында "Абай мұрасы-адамзаттың рухани қазынасы" атты мәнерлеп оқу ұйымдастырды.Ал оқушылар "Тіл жанашырлары" тақырыбында бейнетаспалар түсірді.Бейнетаспа арқылы өз құттықтауларын жолдады. Қатысқан оқушылар саны- 89 оқушы.