1- қырқүйек Білім күнінің өтуі туралы АҚПАРАТ

1- қырқүйек  Білім күнінің өтуі туралы АҚПАРАТ

 

 24 орта мектептің мектеп басшылығы , сынып жетекшілер мен оқушылар және  ата-аналарыбілім күнін өткізудің форматы мен санитарлық қауіпсіздік шаралар туралы алдын -ала жеткізіп, ұйымдастыру шараларын жүргізді.

 Короновирустық инфекцияның таралуының алдын -алуға байланысты шектеулер ескеріліп,  кезекші мектепалды даярлық, 1-4 сыныптарында сынып сағаттарысанитарлық талаптар қатаң түрде сақталды.Сынып сағаттар барысындаоқушыларға денсаулықты сақтай отырып, білімнен қол үзбеуге, тәрбиелі болуына, әлеуеттенуіне, күнделікті оқу режімін сақтауға, жеке бас гигиена талаптарынқатаң ұстануға бағытталған түсіндірмелер жүргізілді.

Кезекші 1-4 сыныптарда өткен сынып сағаттарында сынып жетекшілер оқушыларды білім күнімен құттықтап, оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Сынып сағаты  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығана арналып «Абай -дара, Абай-дана»  тақырыбын қамтыды.

Ал қашықтан оқылатын сыныптар үшін сынып сағаттары қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы ұйымдастырылып, өткізілді.Тақырыптық слайд көрсетіліп,оқушылар өздерінің ұлы Абай атамыз туралы ойларымен бөлісті.Сынып сағаттарында Абай ақынның қара сөздерінен ғибрат алып қана қоймай,ұлылығы әлемге танылған Абай атаны мақтан тұтанын өлең жолдар арқылы жеткізді.

Барлық оқушылар саны:274

Қатысқан оқушылар саны:

Офлайн режимде өткен 1-4 сынып оқушылары 

Онлайн режимде өткен 5-11 сынып оқушылары 

Дата: 1.09.2020, 11:23 Автор: №24 мектеп-интернаты