Балқаш қаласының № 24 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны туралы ақпарат

Балқаш қаласының № 24 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ақпараттық науқаны туралы ақпарат
Науқанның басты ұраны: «Балалардың еңбек эксплуатациясына жол жоқ!»
Мақсаты:Қоғамның назарын балалардың еңбекке араласу мәселесіне аудару.
12- маусым – әлем бойынша балалардың еңбекке араласуына қарсы күн.
Қоғамның басты байлығы-бала.Сондықтан,балалардың балалық шағының алаңсыз өтуі үшін барлығымыз атсалысқанымыз дұрыс.Балалардың басты міндеті-оқуға зейін қою.
Осы науқан барысында мектебімізде түрлі іс-шаралар жоспар бойынша ұйымдастырылды.
Арнайы парақшалар дайындалып,қала тұрғындарына таратылып,түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бейнеролик дайындалып,әлеуметтік желілер арқылы ата-аналар назарына ұсынылды.
«Біз бақытты балалық шақты қолдаймыз!» тақырыбына арналған суреттер көрмесі ұйымдастырылып,бастауыш сынып оқушылары атсалысты.
«Түнгі қаладағы балалар» атауымен кешкілік рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып,шараға мектеп инспекторы,әлеуметтік педагог және сынып жетекшілер атсалысты.
Өмірдің қиын жағдайына тап болған отбасыларға арнап сенім телефоны бекітілді.
Дата: 15.06.2020, 12:34 Автор: №24 мектеп-интернаты