2020 жылдың 30 сәуір күні ЖББ №24 орта мектебінде пән мұғалімдерімен ZOOM платформасы арқылы семинар- практикум өткізілді.
Семинар барысында тәжірибелі педагогтар Садуов Б.Е география пәнінің мұғалімі, Оспанова Ж.Н қазақ тілі мен әдебиеті, Самбетова Д.Н бастауыш сынып мұғалімі қашықтықтан оқыту үрдісіндегі сабақ беруді ұйымдастыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Оспанова Ж.Н платформалары арқылы оқушыға ұсынатын тапсырманы енгізу , тест тапсырмаларын құрастыру, әр оқушыға кері байланысты ұсыну бойынша мысал келтіре отырып түсіндіру жұмысын жүргізсе , Садуов Б.Е ҚО барысында өз дайындаған бейне сабақтың нәтижелігіне тоқтала кетті. Самбетова Д.Н өзі тарапынан ҚО барысында үлкен қол ұшын берген ата -аналар қауымына алғысын білдірді . Оқу ісінің меңгерушісі А.К.Мусина Қашықтықтан оқыту кезінде жиынтық бағалау өткізу туралы мектепішілік бұйрықпен таныстырып , БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын ұсыну ерекшеліктері мен өткізу кестесін ұсынды . Тәжірибе алмасу алаңында педагогтар өз ойларымен бөлісіп, көкейкесті сұрақтардың түйінді жауаптарын ала алды.#ООБ_школадома