Размер шрифта:

Мектебімізде ақпан айында «Экономика барлығымыз үшін» жобасы шеңберінде қаржылық сауаттылық күні өткізілді

Мектебімізде ақпан айында «Экономика барлығымыз үшін» жобасы шеңберінде қаржылық сауаттылық күні өткізілді

Оқушылардың бойында қаржы туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, жеке қаржыны тиімді басқарудың дағдылары мен қаржы мәдениетін қалыптастыру мақсатында іс-шаралар жоспары құрылып, біршама жұмыстар атқарылды.
«Қаржылық сауаттылық» күні саптық жиынмен басталды. Саптық жиында мектеп директоры құттықтау сөз сөйлеп, оқушылардың қоғам өміріндегі және адамдардың күнделікті өміріндегі қаржының рөлі жайлы ақпарат айтты. Құрылған жоспар бойынша 2-4 сыныптарда «Энергияны үнемдеу» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында мұғалім балаларды экономикалық білімдердің бөлшегі ретінде энергияны үнемдеу мүмкіндіктерімен таныстырды. 5-6сыныптарда «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында сынып сағаты мазмұнды өткізілді. Мұғалім қаржылық сауаттылық туралы түсінік берді және логикалық тапсырмалар орындатты.Балаларға ақшаны жұмсаудың 13 кеңесін айтып өтті. 8-9 сынып оқушыларына «11 жастағы кәсіпкер» туралы бейнефильм көрсетілді.
Сондай – ақ 9-11 сынып оқушыларына «Мүмкін есем нәрсе жоқ, бәрі де болады!» деген бейнефильм көрсетілді. Өткізілген іс-шаралар қорытындысыда оқушылар бойында қаржы туралы жалпы түсінік қалыптасты деген ойдамыз.

Дата: 2.03.2020, 9:33 Автор: №24 мектеп-интернаты