МЕКТЕП КҮНІ

МЕКТЕП КҮНІ

А.Ж.Болекбаева биология пәні мұғалімі, педагог – сарапшы, 8 сыныбы,«Адам қаңқасының құрылымы." тақырыбында, А.К.Абдуллаева 5 сыныбында ағылшын тілінен "What's your favourite singer?" тақырыбында ашық сабақтарын өткізсе, К.Р.Климоченко даярлық сыныбына арналған «Үздік авторлық бағдарлама» таныстырылымын жасап, бағдарламасын күнделікті сабақ үрдісінде қалай іске асырып жатқаны бойынша ашық сабақ жүргізді. Байқауға қатысқан педагогтар сабақтарында өздерінің теориялық білімдерін көрсетуден басқа, сабақ барысында сандық білім ресурстарын қолдану шеберліктерін , білім мазмұнын жаңартуда пайдаланған тиімді, ұтымды әдіс-тәсілдерді айқындап көрсете білді. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша өздерінің білім- дағдыларын , пәнге деген қызығушылықтарын жақсы көрсетіп , сабақтарға өте белсене қатысып, өткен тақырыптарды меңгергендерін кері байланыс барысында байқатты. Байқауға қатысқан әріптестерімізге сәттілік!

Дата: 2.03.2020, 9:49 Автор: №24 мектеп-интернаты