№24 орта мектебінде 17 қаңтар күні "Жаса, Қазақстан!" атты 1-10 сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы өтті.

№24 орта мектебінде 17 қаңтар күні

№24 орта мектебінде 17 қаңтар күні "Жаса, Қазақстан!" атты 1-10 сыныптар арасында патриоттық әндер байқауы өтті. Мақсаты: оқушылардың туған еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру және ұлттық патриотизмге тәрбиелеу. Байқауға қатысқан сыныптар дыбыс үндестігі, сахналық мәдениеті, киім үлгісі, сахналық көрініс немес би шарттары бойынша бағаланды. Іс - шара барысында өнерпаз оқушылар бар өнерлерін ортаға салып, сайысқа дайындықпен келгендерін көрсете білді. Бастауыш сыныптар арасында бас жүлдені 2а сыныбы иеленсе, 2 орынды 2ә, 3 орынды 4а сыныбы иеленді. Жоғарғы сыныптар арасында 8ә мен 7а ұпай сандары тең түсіп, Бас жүлдені қанжығасына байласа, 1 орынды 5ә мен 6б өзара бөлісіп, 2 орынды 8б мен 8а, 3 орындарға 9а, 10а ие болды. Сайысқа қатысып, өз өнерлерін ортаға салған басқа қатысушылар да мақтау қағаздармен марапатталды.

Дата: 19.01.2020, 23:56 Автор: №24 мектеп-интернаты