Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына пікір

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына пікір

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына пікір

Абай – болашақ бағдарымыз
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы педагогикалық қауымға өз әсерін тигізді. Себебі, Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған ұлы жан. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланатындығын айтып өтті. Ол ұлттың киесі болып келді, бола да бермек. Не жазса да түпкі мақсат қазақ халқының ертеңін жақсарту жолында ойын тоғыстырды. Абай данамыздың «қара сөздері» – қазақтың қамшысына айналды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы баршамызға үлгі болары сөзсіз. Абай мұрасы қазақ асып, ел елге, жер жерге таралып жатыр, бүгінде. Абай тарихта тұңғыш рет өз заманында халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмір проблемаларын бірінші орынға қойып , өлеңдері арқылы шешу жолдарын көрсете білді . Біз Абайды тану арқылы әлемді танып, болашағымызға жарқын жол бастарымыз анық. Президентіміз Қ.Ж.Токаев өз мақаласында "Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық." - деп , келешек ұрпақты бірлікке , бейбіт өмір сүруге шақырады.

Дата: 19.01.2020, 23:37 Автор: №24 мектеп-интернаты