№24 орта мектебінде 9 қаңтар күні "Сарыарқа саңлағы" жастар жобасы аясындағы дебаттық турнирдің ашылуы өтті.

№24 орта мектебінде 9 қаңтар күні

№24 орта мектебінде 9 қаңтар күні "Сарыарқа саңлағы" жастар жобасы аясындағы дебаттық турнирдің ашылуы өтті.«Адамгершілік және рухани тазалық» тақырыбында өткен іс-шараның мақсаты- жастар арасында азаматтық көзқарас және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған пікірталас алаңдары арқылы А.Құнанбаев, Әл-Фараби, т.б. ұлы ойшылдардың, қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің мәдени мұраларын сақтау және арттыра түсу.
Дебатқа 7-8 және 9-10 сынып командалары белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды. Сайыс мазмұнды да қызықты өтті.

Дата: 19.01.2020, 23:33 Автор: №24 мектеп-интернаты