Қараша айының 29 жұлдызында №24 орта мектебінің 1-10 сыныптар арасында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтар өтті.

Мақсаты: -        білім алушыларда Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен дамуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру;

–             білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу.

Бірыңғай ұйымдастырылған сынып сағатында оқушылар қазақ халқының көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев туралы білімдерін кеңейтіп, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы ақпарат алып, сонымен қатар халықаралық бастамалары, оның бейбітшілік пен келісімге қол жеткізудегі қызметі туралы мағлұматтар алды. 6А сыныбында өткен «Назарбаев зияткерлік мектептері» тақырыбындағы сынып сағатына мектебіміздегі тәлімгер ұстаз, білім беру саласындағы еңбегі үшін «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» төсбелгісінің иегері, 40 жыл білім саласында еңбек еткен ұлағатты, ардагер ұстазымыз Ахметова Карлығаш Жексеновна қонақ болып қатысты. Іс – шара барысында ең алдымен Қарлығаш Жексеновна НЗМ туралы өзінің дайындап келген ақпаратымен бөлісіп, одан кейін оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Әрі қарай оқушылар сынып жетекшілердің дайындаған ақпаратын тыңдап, тапсырмаларды орындап, барлығы белсене қатысты

Дата: 29.11.2019, 12:31 Автор: №24 ОМ