№ 24 орта мектебінде 15 мамыр күні жалпы ата- аналар жиналысы өтті.

№ 24 орта мектебінде 15 мамыр күні жалпы ата- аналар жиналысы өтті.

№ 24 орта мектебінде 15 мамыр күні жалпы ата- аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде мектеп директоры М С.Асылбекова мектеп оқушыларының 2018-2019 оқу жылындағы білім сапасы мен жетістіктеріне тоқталды. Жыл бойы мектеп өміріне ат салысқан ата- аналар қауымына мектеп әкімшілігі және педагогтары тарапынан алғыс білдірді. Күн тәртібінің екінші кезеңінде директордың оқу ісінің меңгерушісі 11 сыныптардағы мемлекеттік аттестаттау бойынша жалпы мәлімет берді. Күн тәртібінің үшінші кезеңінде кәсіби медиатор , тренер А.К.Мусина "Мектеп медиация жұмысының тиімділігі" тақырыбында баяндама жасап, оқушы , ата-ана мен педагогтар арасында жүргізіліп отырған іс-шараларға тоқталып, есеп берді. Күн тәртібінде басқа да мәселелер қозғалды.

Дата: 21.05.2019, 9:41 Автор: №24 мектеп-интернаты