Шуақты көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында №24 орта мектебінде «Бар ізгілік бір өзіңнен басталады... » атты мерекелік іс – шара болып өтті.
![Шуақты көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында №24 орта мектебінде «Бар ізгілік бір өзіңнен басталады... » атты мерекелік іс – шара болып өтті.](/media/img/journal/5c84d8a70ad96.jpg)
Мақсаты: Ұстаз аналарымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Мерекелік кеш Ербол Інжудің «Анашым» өлеңімен ашылып, мектеп директоры М.С.Асылбекованың ұстаз – аналарға арналған құттықтауымен жалғасын тапты. Оқушылардың аналарына, әжелеріне арнаған өлең шумақтары оқылып, «Айбөбек» шағын – дамыту орталығының тәрбиеленушілерініғ орындауындағы «Менің әжем» әні шырқалды. Сонымен қатар кеш барысында мектебіміздің ер- азаматтары өздерінің ыстық лебіздерін жолдап, сыйлықтарын табыстады. Оқушылар мерекелік кешке келген ардагер ұстаздарға және ұжымдағы әйелдер қауымына көтеріңкі - көңіл сыйлай білді.