Балқаш қаласы ЖББ24 орта мектебінде 22 қыркүйек күні 5-7 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Өз балаңа үлгі бол!» тақырыбында республикалық конференция өтті.
Жалпы конференция барысында ата-аналарға психологиялық көмек көрсету бойынша құнды ақпараттар берілді. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру – әрбір жеке отбасының және жалпы бүкіл қоғамның міндеті екендігі баса айтылды.
Мектеп психологы Кулымжанова Г.М конференцияның психологиялық кеңес берудің 7 бағытын тоқталып, ата-аналарға бала тәрбиесі жайында қысқаша бейне-роликтер көрсетті. Тақырып бойынша үйдегі тәрбие, баламен қарым-қатынаста кездесетін қиындықтары жайында талқыланды. Ата-аналарға конференцияға байланысты таратпа кітапшалар таратылып, ата - аналар қауымы ой бөлісті.
Дата: 9.10.2018, 11:31 Автор: №24 мектеп-интернаты