24 орта мектебінде НЗМ тәжірибесін тарату мақсатында өткен ашық есік күні туралы ақпарат
№24 орта мектебінде 12 қаңтар күні «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында үш тілде оқытуды жүзеге асырудың алғы шарттары» тақырыбында НЗМ тәжірибесін тарату ашық есік күні өтті. Ашық есік күніне қалалық білім бөлімінен және қала мектептерінен барлығы 24 адам келді. Ашық есік күні 3 бөлім бойынша өтті. Келген қонақтарды қарсы алғаннан кейін, «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында үш тілде оқытуды жүзеге асырудың алғы шарттары» тақырыбындағы оқыту семинары бойынша П.Р.Ұлдахан мен Л.Б.Шолакова баяндамаларын оқыды. 2 бөлімде Л.Е.Оразалиева «Жас эколог» және Бекмағанбетова Н.С. «Информатика әлемі» факультатив курстарын және бастауыш сынып мұғалімі Б.К.Кәрібай «Сөз және оның мағынасы» тақырыбында қазақ тілі сабағын көрсетті. 3 бөлімде «Мәңгілік ел, бұл – Зайырлы мемлекет және Жоғарғы Руханият» тақырыбында шаңырақ тобының жұмысы және «Оқуға міндетті 100 кітап», «Ауылдағы 2 апта» НЗМ тәжірибесін таратудағы әлеуметтік жобалар жалғасын тапты. Келген қонақтар ұйымдастырылған іс – шаралар мен өткізілген сабақтардың жоғарғы деңгейде өткізілгенін айтып, өздерінің оң пікірлерін білдірді.
Дата: 15.01.2018, 9:40 Автор: №24 мектеп-интернаты