Размер шрифта:

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ-де өткен онлайн сабақ бойынша ақпарат

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ-де өткен онлайн сабақ бойынша ақпарат

2017 жылдың 30 қараша күні ЖББ №24 орта мектебінде НЗМ тәжірибесін тарату мақсатында 6 «А»  сыныбында қазақ әдебиеті пәні бойынша онлайн сабақ өтті. Сабақты жас маман Нұртаза Д.А. өткізді. Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі. Сабақтың мақсаты:  Ақынның өмірі, шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу. Онлайн сабаққа қала бойынша 10 мектеп қатысты. Сабақ барысында заманауи технологияларды қолдана отырып, Буриме, сұрақ-жауап әдістері қолданылды. Сұрақ-жауап негізіндегі сабақ өте тартымды өтті. Сабақ барысында оқушылар өз ойларын ашық айта отырып, шығармашылық  жұмыс барысында белсенділік танытты.

Дата: 30.11.2017, 10:07 Автор: №24 мектеп-интернаты