ЖББ №24 орта мектебінде 19 қазан күні мектебіміздің кітапханасында латын әліпбиі туралы “Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау” мәтінінде оқырман конференциясы өтті.
ҚР Президенті Н.Назарбаев. «...Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттілігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық». Осы мақсатта мектебімізде 10-11 сынып оқушылары арасындаоқырман конференциясы өтті. Мақсаты: Оқушыларға Елбасымыздың жаһандану өркениетіне қарай басқан қадамын ұлт болып қолға алуға шақыру,латын әліпбиіне көшу бүгінгі жаңа технологияларға тиімді екенін жеткізу.Мектеп оқушылары өзара пікір алмасып, жақсы әсер алды. Осы тақырып аясында оқушылар латын әрпі туралы білімдерін одан әрі кеңейте түсті.Барлығы белсенді қатысты, өз ойларын еркін жеткізді. Оқушылардың қөрмеден үлкен әсер алғандары сезілді.