«Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз» атты тілдермерекесіне орай өткізілетін іс –шаралардың жүргізілуі жайлы ақпарат
«Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз» атты тілдер мерекесінің апталығы қыркүйек айының 22-30 аралығында аталып өтілді. Апталықтың негізгімақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,рухани адамгершілік тәрбиеге баулу. Апталық «Тіл тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз» атты салтанатты жиынмен ашылды. Салтанатты жиында оқушылар үш тілде ( қазақ ,ағылшын, орыс тілдерінде) тақпақтар айтып ,тіл туралы агитбригада өз өнерлерін көрсетті.
Мектебіміздің кітапханасында «Тіл- тәрбие бастауы» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
10-11 сынып оқушылары арасында тарих пәнінің мұғалімі Шолакова Л.Б. жетекшілігімен «Атажұрт» зияткерлік ойыны жүргізілді.Мақсаты:Қазақстан тарихынан білімдерін бекіту арқылы «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудағы білімінің ролін бағалау. Білім мұратымызға жетудің берік негізі екенін сезіндіру болып табылады. 3-4 сыныптар арасында «Тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты зияткерлік ойыны жүргізілді. Оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздері туралы толық мағлұмат алып , ойынның соңы тіл туралы мақал –мәтелмен жарысқа ұласты .Екі топқа бөлінген оқушылар өздерінің қаншалықты мақал –мәтел білетіндіктерін ортаға салып тартысты іс-шара өткізді. Оқушыларды көркем әдебиетке ынталандыру,ой-өрісін кеңейту, сөйлеу тілін байыту, тіл мәдениетіне көңілдерін аудару , салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында 8-9 сыныптар арасында «Тіл –халықтың жаны» атты танымдық ойын жүргізілді. 5-6 сыныптар арасында «Тіл білгірі» атты зияткерлік ойыны өз дәрежесінде өтті. 8-11 сыныптар арасында «Полиглот» танымдық ойыны жүргізілді.Негізгі мақсаты: Оқушылардың үш тілді менгеріп қаншалықты өз ойларын еркін жеткізе алтындығы байқалды. 3а-3ә сыныптарда «Тіл- асыл қазына» атты ашық сынып сағаты жүргізілді.Мереке әрбір оқушы үшін тіл арқылы әрбір ұлт жүрегіне жол таба білуге болатынын дәлелдеді.Мерекеге атсалыса қатысқан барлық сыныптарға І,ІІ,ІІІ жүлделі орындармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.