2 қыркүйек ҚММ « Балқаш қаласының №24 о/м» 9-11 сынып арасында «Білім күні -2017» мереке аясында «Мен – өз елімнің патриотымын!» тақырыбында ашық патриоттық сағаты өтті.

2 қыркүйек ҚММ « Балқаш қаласының №24 о/м» 9-11 сынып арасында «Білім күні -2017» мереке аясында «Мен – өз елімнің патриотымын!» тақырыбында ашық патриоттық сағаты өтті.

 Негізгі мақсаты: оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Патриот » деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту.Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Сынып сағатқа Балқаш қаласы денешыңықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шакенов Ізбасар Өміржанұлы қатысты. Оқушылармен патриотизм, профориентация, Отанға деген мақтаныш туралы әңгімелесті. Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын іске асыру мақсатында «Болашаққа бағдар» атты видеофильмді тамашалады. Патриоттық сағаты қызықты және жоғары деңгейде өтті.

Дата: 2.09.2017, 17:21 Автор: №24 мектеп-интернаты