№24 орта мектебінде 1 -қыркүйек білім күніне орай салтанатты жиын өтті.

№24 орта мектебінде  1 -қыркүйек білім күніне орай салтанатты жиын өтті.

Мақсаты: Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» мақаласы және «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі аясында «Мен өз елімнің патриотымын!» өскелең ұрпақты патриотизмге және толеранттылыққа тәрбиелеу.
Білім алушыларға туған елінің тарихи-мәдени мұрасын және қазіргі жетістіктерін меңгеруге, балалар мен білім алушы жастарға өз елінің өркендеуіне үлесін қосуға көмектесу.
Білім күнінің дамытушылық және оқытушылық мақсаты-балалардың Отанға деген азаматтық жауапкершілікті ықпал ету.
Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, Елбасының саясатын насихаттау мақсатын жүзеге асыруда жаңа оқу жылының салтанатты жиыны сағат 10.00-де басталды.
Салтанатты жиынға мектептің педагогикалық ұжымы, ата-аналар , оқушылар толығымен жиналды.Салтанатты мерекемен құттықтау ұшін мәртебелі қонақтарда келді. Олар Балқаш қаласы денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шакенов Ізбасар Өміржанұлы мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіндерді Білім күнімен құттықтап, білім саласына өз үлесін қосатын білімді ұрпақ болуларына ықылас білдірді.
Келесі құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Қ.Ж.Ахметова ала отырып, білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін , шығармашылық табыстар тіледі.
«Болашақ энергиясы»- ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмеден Қуат, Мөлдір , Сәуле қонаққа келіп, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің тілектерін тыңдап ,әдеби-шығармашылық қойылымның куәгері болды. Қойылым соңында Отанға , туған жерге деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдарымен білдіре отырып, аспанға «Рухани жаңғыру» белгісі қыран ұшырылды.
Бүгінгі жас буын үшін ең негізгі мәселе – білім сапасын арттыру, тәрбие тәлімін жетілдіру. Білім жастарды кемел келешекке жетелер болса, ұлттық тәрбие ұрпақ ертеңі болмақ. Сол білім саласына титтей де болса өз үлесін қосу үшін 2017-2018 оқу жылында мектебімізге 2 жас маман келді. Келген жас мамандарды кәсіподақ ұйымы құттықтады.
1-11 сынып арасында «Мен өз елімнің патриотымын», тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарына мектеп әкімшілігі, ардагер ұстаздар қатысты. «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша білім сабағының идеясы қоғам мүддесінде азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге дайындықты қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігі идеясы болып табылады.

Дата: 2.09.2017, 16:53 Автор: №24 мектеп-интернаты